Д?румендер

Тайынша ауданы, Тайынша 5 орта мектебінің

Химия және биология мұғалімі

Шаяхметова Э.К.

Семинар сабақ  «Витаминдер»

Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін, яғни теорияны өз түсінігі бойынша мысалдармен дәлелдеп жеткізуге үйрету. Оқыған материалдың өмірдегі құндылығын бағалай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың шығармашылық бастама мен белсенділіктерін қалыптастыру.

Сабақтың типі: Білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту

Сабақтың түрі: Семинар сабақ

Пән аралық байланыс: Химия, медицина

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың алған білімдерін, яғни теорияны өз түсінігі бойынша мысалдармен дәлелдеп жеткізуге алады. Оқыған материалдың өмірдегі құндылығын бағалай біледі.Оқушылардың шығармашылық бастама мен белсенділіктерін қалыптастырады.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

Психологиялық тренинг. /қызыл өрік/

І.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару, топқа бөлу (2-3 минут)

Оқушылар алма мен алмұрттың суреттерінің қимасын құрастыра отырып, топқа бөлінеді. І топ: «Алма тобы», ІІ топ: «Алмұрт тобы», ІІІ топ: «Жүзім тобы» деп аталады. Әр топ 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыны анықтайды.

ІІ.Суреттердің артына талқылау сұрақтары беріледі. (2-3 минут)

   «Алма тобы»: Витаминдер дегеніміз не?

Ауызда ең көп қандай зат қорытылады?

А Ақуыздар

В Майлар

С Көмірсулар

Д Нуклеотидтер

Е Дәрумендер

«Алмұрт тобы» Витаминдерді ең алғаш анықтаған ғалым кім?

Витаминдер неше топқа бөлінеді ?

 «Жүзім тобы» Авитаминоз дегеніз не?

  Витаминдер жетіспеуден қандай аурулар пайда болады?

   «Алма тобы»: Дәрумендер кестесін толтыру

Атауы

Дәрумен көзі

Атқаратын қызметі

жетіспеушілігі

«Алмұрт тобы» тапсырма бойынша кластер жасау.

 «Жүзім тобы» «Диетологтар» ойыны (7 минут)

Бір топтан диетолог екінші топтан науқас адам шығады. Диетолог науқаспен әңгімелесіп, жетіспейтін микро-элементті  айта отырып, ауру түрін анықтап, аурудың алдын алуға қажетті азық-түліктердің аттарын айтып тіиімді тамақтануға кеңес береді.

ІІІ. Топтық жұмыс  «Шығармашылық шарт» ойыны ( 5 минут)

Витаминдік қасиеті бар ұлттық тағамдар туралы деректер жинап, оны баяндап береді.

ІV. Жұптық  жұмыс «Логикалық тапсырма» (5 минут)

«Ат -адам қанаты, ас- адамның қуаты»

Аттар мен адамдардың қималары таратылып, құрастыру қажет.

Ү. Жеке жұмыс «Шешендер жарысы» (10 минут)

Оқушылар топ аттарына сайкес витаминдерге хабарлама жасайды.

ҮІІ. Жеке жұмыс «Өз асқабағыңды  таңда» (5 минут)

Оқушылар  жемістер мен көкөністерді таңдап алып, интерактивті тақтадан қай витаминге  сәйкес келетінін көрсетеді. Дұрыс көрсетпесе асқабақ  жоғалып кетеді.

ҮІІІ. Топтық жұмыс  «Суреттер сөйлейді»  (10 минут)

Витаминдерге байланысты суреттерді өмірмен байланыстыра отырып салу және баяндап беру.

Екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы бағала

Сабақты  қорыту: Ағзаға қажетті барлық заттары бар 10 тағамның қатарына мыналар кіреді: қызанақ, сүт, айран, картоп, шпинат, балық, банан, қара нан, бұршақ, өсімдік майы. Зерттеушілер «Егер осы он тағамды дастарханыңызға үнемі қоятын болсаңыз, жас әрі ақыл-ойыңыз сергек бола отырып, 90 жасқа дейін өмір сүре аласыз» деген екен. « Ас тұрған   жерде ауру тұрмайды» деп бүгінгі семинар сабағымызды өлең жолымен аяқтағым келеді.

Денің сау, ғұмыр жасың болады ұзақ,

Ауыруға төрт нәрсемен құрсаң тұзақ.

Жылы сөз, жеңіл тамақ, жақсы әуен

Күлкідей бола алмайды бәрі бірақ.

«Витаминдер – денсаулық кепілі» (постер қорғау)

Рефлексия

Оқушыларға стикерлер тарату, оқушылар“екі жұлдыз, бір тілек” негізінде, оқушылар өз ойларын стикерлерге жазады

Понравился материал? Поделиться с друзьями:
Просто учёба