Сыныбы |
5 |
|
Сабақтың тақырыбы |
Табиғатты ғылыми тұрғыдан тану әдістері |
|
Сабақтың мақсаты |
Білімділігі: Ежелгі кезеңдердер адамдар табиғаттың белгілі бір маусымдарға байланысты өзгеретіндігі туралы оқушыларға түсінік қалыптастыру. Дамытушылығы: оқушының тез қабылдауына жол ашу, ой қиялына ерік бере отырып, өз пікірін айтуға, қорытынды шығаруға төселдіру, теориялық білімін, зейінін дамыту, табиғатты бақылау әрі тамашалауға зейінін бұру; Тәрбиелілігі: оқушыларға адамдардың қоршаған ортаны танып білуі туралы және қандай әдістерді қолдана отырып, өмір сүрудің ерекшеліктерін түсіндіре отрыып тәрбиелеу. |
|
Сабақтың түрі |
аралас |
|
Сабақтың әдісі |
Сұрақ-жауап, әңгіме, пікіп алысу, өзіндік жұмыс |
|
Сабақтың көрнекілігі |
Оқулық, дәптер |
|
Сабақтың барысы |
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, көңіл күйлерін сұрау, түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру. |
|
Үй тапсырмасын сұрау: 1. Жаратылыстану пәні нені оқытады? 2. Жаратылыстану қандай ғылым салаларымен байланысты? 3. Табиғат құбылыстары дегенді қалай түсінсіңдер? 4. Табиғат құбылыстарына мысалдары келтіріңдер? 5. Ғарыштық денелер туралы ғылым қалай аталады? |
||
|
Жаңа сабақ: |
|
Мұғалімнің әрекеті: 1. Табиғатты бақылаудың қандай әдістерін білесіңдер? 2. Терезеге қарап қандай құбылысты байқауға болады? 3. Ежелгі кезеңдерде адамдар табиғатты қалай бақылаған? Бақылау өлі табиғатты бақылау, жануарларды ақылау, өсімдіктерді бақылау, адамдардың еңбек етуін бақылау сияқты жекелей қарастыруға болатындығын баяндау. Бақылау әдісіне мысалдар келтіріңдер? Келесі әдіске – өлшеу жатады. Өлшеу арқылы адамдар көптеген денелердің көлемін, ауданын, арақашықтығын анықтайды. Бұл әдіс арнайы құрал — жабдықтарды қажет ететіндігін түсіндіру. Өлшеу дегеніміз не? Қандай өлшеу құралдарын білесіңдер? Дәптерлеріңе ұзындықтың, салмақты өлшейтін және сұйықтықты өлшеу құралдарына не жататынын жазамыз? Кітапта көрсетілген суреттерді түсіндіру. Қосымша мәліметтерді оқытып, талдау жасату. Суреттерге қатысты оқушылардың ойын білу. Атмосфералық қысымды Барометр – анероид деп аталатын құралдың көмегімен өлшейді. |
Оқушының әрекеті:
Сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісу.
Сұраққа жауап беру, өмірде болған тәжірибелерімен бөлісу. Дәптермен жұмыс Өз ойларымен бөлісу. |
|
|
Жаңа тақырыпты бекіту: 1.Табиғатты оқып үйренудің неше әдісі бар? Оларды ата? |
|
|
Бағалау: Сұрақтарға жауап берген, сабақ барысында белсенділік танытқан оқушылар бағаланады. Үйге тапсырма: §2 Табиғатты оқып үйрену. Өлшеу құралдары, олар не үшін қолданылады. Рефлексия. Мұғалім таратқан қағаздарға арқылы оқушылар сабақ туралы өздерінің пікірлерін білдіреді. |