Күні: |
12.10.15 |
|
|
|
«Бекітемін» |
Курсы: |
І |
І |
І |
|
Қармақшы аграрлы-техникалық колледж |
Тобы: |
190 |
192 |
191 |
|
директорының оқу- ісі жөніндегі |
|
|
|
|
орынбасары: Г.Аралбаева |
|
|
|
|
|
Сабақтың тақырыбы:
Термодинамикалық параметрлер.Температура және оны өлшеу тәсілдері
Сабақ/ оқу мақсаттары:
Білімділігі – студенттерге термодинамика параметрлерін,температура тәсілдерін түсіндіріп түрлеңдіре түсінік беру
Тәрбиелілігі – студенттерді бір-бірін сыйлауға,ақылдылыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы – адамның келешекке,ғылымға,адамзатқа пайдасы туралы көзқарастарын дамыту.
Сабаққа қажетті:
Көрнектілігі: Сөз жұмбақтар
Сабақ беру әдісі: Оқулық,плакат
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ/оқу барысы
Реттік № |
Сабақ/оқу кезеңі |
Мазмұны |
1 |
Ұйымдастыру кезеңі |
Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Журналға белгі соғу. Назарларын сабаққа аудару. |
2 |
Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру(үй тапсырмасын сұрау) |
Механикалық қозғалыс дегеніміз? Механикалық құбылыстардан басқа табиғатта қандай құбылыстар бар? Больцман тұрақтысын жаз? Диффузия дегеніміз? Цилиндр жүйесі формуласы? |
3
|
Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру
|
Бізді қоршаған әлемнің қыры мен сырының соншалықты көп екені қайсымызға болса да таңсық емес. Бізді сан алуан денелердің орасан зор мөлшері қоршап тұр және олардың өлшемдері мен пішіндерінің сантүрлілігі таңдай қақтырады. Бұл денелерді физикада макроскоптық денелер немесе жай ғана макроденелер деп атайды. Макроденелерді сипаттау үшін термодинамикада айрықша физикалық шамаларды пайдаланады. Бұл шамалар термодинамикалық параметрлер деп аталады. Термодинамикалық параметрлер деп макродененің күйін сипаттайтын физикалық шаманы айтады. Оған қысым, көлем, температура жатады. Дене бір күйден екінші күйге өткенде, оның термодинамикалық параметрлері өзгереді. Мұндай кезде дененің белгілі бір күйі жайлы емес, өтетін процесс жайлы сөз етеді. Сонымен, термодинамикалық процесс дегеніміз – қандай да бір термопараметрдің өзгеру құбылысы немесе жүйенің бір күйден екінші күйге өтуі. Барлық макроденелер микроденелерден тұрады. Макроденелерде өтіп жатқан процестердің осы макроденені түзетін микроденелердің параметрлерінің өзгерісінен туатыны анық. 2. Реомюр шкаласы. 1730 ж.француз жаратылыстанушысы Реомюр жасаған. Реперлік нүктелері: 00Р – мұздың еру температурасы; 800Р – судың қайнау температурасы. |
4 |
Өтілген сабақты(материалды) бекіту |
1.Қандай денені макроскоптық дене деп атайды?
Есептер-шығару. №451 №452 №457 |
5 |
Үйге тапсырма |
§4.4 оқып келу. №454 есепті шығарып келу. |
6 |
Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау |
Студенттердің білімін тексеріп бағалау |
Физика пән оқытушысы: Қ.Ибрагимов