«№ 27 ЖОББМ» КММ
Математика, физика және информатика пәндері апталығы
Информатика пәнінен сыныптан тыс іс-шара
«ИНФОБІЛГІРЛЕР»
5 сынып оқушыларына арналған ойын
Дайындаған: информатика пәні мұғалімдері Байгалиева Ж. К., Андакулова У. А.
Сабақтың тақырыбы: «Инфоурок»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс — әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
Тәрбиелік: өз білімдерін дамытуға, бір – бірін құрметтеуге, информатика пәні туралы білімін толықтыру.
Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмыс
Жабдықталуы: Интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар.
Көрнекілігі: Слайд презентация.
Пән аралық байланыс: ағылшын тілі, қазақ тілі, математика, орыс тілі.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру.
1. Сайыс жоспарын таныстыру.
Жарыс кезеңдері:
І. “Бәйге” (Әр топқа 10 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі).
ІІ. “Тіл — өнер” (Жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 3 ұпай, ал екі тілде айтса 2 ұпай, бір тілде айтса 1 ұпай).
ІІІ. “Логикалық ойлау” (Логикалық есептер беріледі, дұрыс жауапқа 1 ұпай).
ІV. “Адасқан әріптер” (Дұрыс жауапқа 5 ұпай).
V. «Кім жылдам?» (Информатикаға қатысты торкөзде сөздер жасырылған дұрыс жауапқа 5 ұпай)
VI. “Көкпар”(сайыс түрі – айтыс. Жасыл және қызыл түсті карточкалар жасырылады, жасыл түсті таңдаған команда мақтайды, екінші команда даттайды ).
VII. Марапаттау.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Инфобілгірлер» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Компьютер – сенің көмекшің
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де –
Ақпараттық заманың! – дей келе «Инфобілгірлер» атты ойынымызға қатысушыларды қошеметтейік.
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын І кезеңін бастайық. Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Қай топ қолындағы жалаушаны бірінші көтереді, сол топ жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
I топ.
-
Ақпаратты шығару құрылғысы (Принтер)
-
Қағаздағы ақпаратты компьютерге тікелей енгізетін құрал (Сканер)
-
Ақпаратты өңдеу құрылғысы (Процессор)
-
Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
-
Компьютерге зақым келтіретін арнайы шағын программа? (вирус)
II топ.
-
Адам көзі мен монитор арасындағы ара қашықтық қанша болу керек? (60 — 70 см)
-
Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы (Интернет )
-
Бит қандай цифрлардан тұрады? (0 және 1)
-
Вирустың кері әсерін жоятын программа (Антивирус)
-
Бас әріп режимін іске қосатын перне? (CapsLock)
Жүргізуші: Топтардың жауап бергендеріне байланысты ұпайларын береміз.
Жас достарым, мұны айтпаймын несіне,
Информатиканы құрметтеу менің есімде.
Қазақ, орыс, ағылшын тілін білсеңіз,
3 ұпай, шәкіртім саған несібе, — дей келе
“Тіл — өнер” атты ІІ кезеңімізді бастайық. Бұл кезеңде жұмбақ беріледі. Жауабын тауып, сөзді орыс, ағылшын тілдеріне аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 1 ұпай, екі тілде жауап берсе 2 ұпай, 3 тілде жауап берсе 3 ұпай қосылады.
-
Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (монитор — монитор)
-
Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі — пробел — blank)
-
Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені (кактус — cactus — тікенекгүл)
-
Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта — клавиатура — keyboard)
-
Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тышқан — мышка — maus)
-
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, a ruler)
-
Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)
-
Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады? (он екі, двенадцать, twelve)
-
Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тышқан, мышь, mouse)
-
Жақтаулар арқылы шектеледі
Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді. (терезе, окно, windows)
Жүргізуші:
Қойылған сұрақ есепке,
Ойланып жауап іздейік.
Уақытты текке өткізбей,
Қатесін анықтап берейік, -дей келе
“Логикалық ойлау” атты ІІІ кезеңімізді бастайық. Бұл бөлімде логикалық есептер, сұрақтар беріледі дұрыс жауапқа 1 ұпай.
Логикалық сұрақтар:
1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама – қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? — 4
2. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды.
неше стакан қалды? — 3 стакан
3. Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді? (15км/сағ)
4. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? — жоғары–
5. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? – шырпы–
6. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек? – 8.
Логикалық қабілет:
Жүргізуші:
Жарысайық сайыста,
Кімнің ойымықты екен?!
Кімнің күші аздау боп,
Кім озып алға шықты екен деп,
ІІІ кезең бойынша топтордың ұпайын санаймыз.
Жүргізуші: Ойынымыздың IV кезеңі “Адасқан әріптер” бұл кезеңде информатикаға қатысты сөздер берілген. Осы адасқан әріптер арқылы дұрыс сөз құрастыру. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.
-
Нимотор ———— Монитор
-
Пьюромтек ——- Компьютер
-
Енрепатқат ——— Пернетақта
-
Лайф —————- Файл
-
Рльоукятакл —— Калькулятор
-
Атқсуа ————— Сақтау
-
Аэкторикелн —— Электроника
-
Дңеөу ————— Өңдеу
Жүргізуші:
-
«Кім жылдам?» атты бесінші кезеңімізді бастайық. Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және информатикаға қатысты атауларын табар екен?
М |
К |
А |
К |
О |
М |
П |
О |
Н |
К |
С |
Т |
Н |
Ь |
В |
И |
Т |
У |
Ы |
А |
Ю |
И |
Т |
О |
Р |
Ш |
Қ |
Т |
Р |
П |
С |
К |
А |
Р |
Е |
У |
Е |
Е |
Т |
Н |
Е |
Р |
С |
Р |
Н |
А |
Қ |
Т |
А |
Жауап: бұл жерде 7 информатикаға қатысты сөз жасырылған (МОНИТОР, КОМПЬЮТЕР, ВИРУС, КАКТУС, ПЕРНЕТАҚТА, СКАНЕР, ТЫШҚАН)
Топтардың тапқан сөздеріне байланысты ұпайларын береміз.
-
Жарысымыздың келесі кезеңі «Көкпар» кезеңі. Сайыс түрі – айтыс. Компьютердің зияны мен пайдасы туралы айтысады. Жасыл және қызыл түсті карточкалар жасырылады, жасыл түсті таңдаған команда мақтайды, екінші команда даттайды
Компьютердің зияны мен пайдасы.
1- топ. Компьютерлік ойын баланың ақыл ойын дамытады.
2- топ. Компьютерлік ойын баланы қызбалыққа, жүйелі ойламауға итермелейді.
1- топ. Баланың ойлау қабілетін күшейтеді.
2- топ. Компьютерге ұзақ отыруға әдеттендіреді, ультракүлгін сәулелерді көп тұтады.
1- топ. Компьютермен қорықпай жұмыс істеуге үйретеді.
2- топ. Көз көру қабілеті нашарлайды.
1- топ. Шапшаңдыққа, байқампаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді.
2- топ. Жаттанды жұмысқа, яғни белгілі бір пернелерді басуға үйретеді.
1-топ. Білімді құштарлығын оятады.
2-топ. Робот тәрізді жұмыстарға баулиды
1-топ. Жасына сай әрекет жасауға бейімдейді.
2-топ. Электр энергиясын үнемдеуге ұмтылдырады.
Әділқазыларға сөз беріледі. Ойынның қорытындысы айтылып, оқушыларды марапаттау.
Жүргізуші. Бүгінгі көріп тамашалаған «Инфобілгіштер» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!