Қызылорда қаласы
№197 қазақ орта мектебінің
Информатика пәнінің мұғалімі
Есенова Гүлназ
Сыныбы: 7
Тақырыбы: Операциялық жүйенің жіктелуі және функциялары.
Мақсат: оқушыларды операциялық жүйемен және ДК-дің жұмысымен таныстыру, компьютерде жұмыс столының түсін өзгертуді, күнтізбені, уақытты баптай білуге үйрету
Білімділік – Операциялық жүйенің жіктелуі және функциялары тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру, операциялық жүйелердің түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық –оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс істей алу дағдыларын, білім, біліктерін дамыту
Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, карточкалар,SinKaz электронды оқулығы
Сабақ барысы
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
1. Компьютердің қазіргі уақыттағы негізгі функциясы қандай?
А) Есептеу
В) Басқару
С) Ақпаратты іздеу
Д) құжат құру
2. Жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін программа:
А) Интернет
В) Операциялық жүйе
С) Операциялық қабыршық
Д) Windows
3. Артығын көрсет:
А) суперкомпьютер
В) үлкен компьютер
С) дербес компьютер
Д) кіші компьютер
4. Суперкомпьютерлер қайда қолданылады?
А) үйде
В) офисте
С) өндірісте
Д) ірі ұйымдарда нақты есептер шығару үшін
5. Үлкен дерек қорларын өңдеу және сақтау үшін қолданылатын компьютер:
А) Үлкен компьютер
В) дербес компьютер
С) суперкомпьютер
Д) сервер
6. Ноутбук компьютерлердің қай түріне жатады?
А) суперкомпьютер
В) Үлкен компьютер
С) дербес компьютер
Д) сервер
7. Нетбук деген не?
• А) шағын мөлшерлі
• ноутбук
• В) алақан компьютері
С)Интернетке қосылған дербес компьютер
Д) оқыту мақсатындағы компьютердің арнайы түрі
8. Сервер – ол:
А) компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын компьютер
В) суперкомпьютер
С) Үлкен компьютер
Д) ақпарат сақтауға арналған компьютер
Тест жауаптары:
1 2 3 4 5 6 7 8
В В Д Д Д С А А
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Операциялық жүйе – ол есептеу процестері мен компьютерді басқару және пайдаланушы мен аппаратураны байланыстыратын жинақталған программа. Операциялық жүйе мынандай қызмет атқарады:
— Компьютер ресурстарын және есептеу процестерін (диск, жад, тышқан, принтер және т.б.) басқарады;
— Пайдаланушы мен компьютерді байланыстырады;
— Пайдаланушыға компьютерді басқару жеңіл болу үшін пайдаланушы интерфейсін қолдайды.
Әрбір ОЖ үш міндетті бөліктен тұрады:
І. Ядро – командалық интерпретатор, программалық тілден «темір» тіліне аударатын аудармашы, машина кодасының тілі.
ІІ. Драйвер- компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар. Әрбір құрылғыға өзінің драйвері сәйкес келеді, мысалы, принтер драйвері, сканер драйвері т.б.
ІІІ. Интерфейс – пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым-қатынаста болатын ыңғайлы қабық.
Дербес компьютер үшін операциялық жүйелердің бірнеше жұптары даярланған: Microsoft MS DOS, Windows (95, 98, ME, NT, 2000, XP, Vista), Linex, Apple т.б.
Бір мезгілде орындалатын процестердің санына байланысты ОЖ-лер екі топқа бөлінеді:
1) біртапсырмалы (мысалы, MS DOS)
2) екітапсырмалы (мысалы, Windows)
Біртапсырмалы ОЖ пайдаланушыға бір программаны жүктеуге мүмкіндік береді;
Көптапсырмалы ОЖ пайдаланушыға бір мезгілде бірнеше программаны жүктеуге мүмкіндік береді;
Топтаманың келесі белгісіне көпқолданушы режімді қолдау жатады:
1) бірпайдаланушы(мысалы, MS DOS)
2) көппайдаланушы (мысалы, Windows NT)
Бірпайдаланушы ОЖ компьютерде бір ғана пайдаланушыға жұмыс істеуге мүмкіндік береді;
Көппайдаланушы ОЖ қуатты компьютердің көмегімен бір мезгілде бірнеше пайдаланушының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
Windows операциялық жүйелерінің сипаттамаларын кез келген компьютерде өзгертуге болады. Пайдаланушының көрсетуімен сипаттамаларды өзгерту операциялық жүйелерді баптау деп аталады.
Шартты түрде баптауды үш түрге бөлуге болады:
1) буманың терезесінің параметрлерін баптау;
2) негізгі мәзірді баптау;
3) басқару тақтасының көмегімен жүйені жалпы баптау;
Windows 95
Windows NТ Windows 98
Windows ХР Windows 7, 8
Амалдық жүйеге қысқаша шолу
IV. Сабақты бекіту. Электронды оқулықтағы тапсырмаларды орындау
V. Үйге тапсырма. §6-§7 оқу және сұрақтарға жауап (33бет), өзіңді тексер(39 бет)