POWER POINT ба?дарламасы

«Біле бер, қанша білсең- тағы тіле,

Жетерсің мұратыңа біле, біле»

Жүсіп Баласұғын

POWER POINT бағдарламасы

Мен сабақ беру барысында оқущылардың білім деңгейін арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда оқытудың жаңа технологияларын қолданамын. Соның бірі тренинг сабақ өткізу. Бұл сабақтың басқа сабақтардан ерекшелігі сол, оқушылар топтаса отырып, шығармашылықпен жұмыс істеді.

Сабақтың тақырыбы: POWER POINT бағдарламасы

Сабақтың типі: бекіту-тренинг сабағы

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың ұстанымы:

  1. Адалдық ұстанымы: сабаққа қатысып отырған оқушылар тек адал ойын айту керек.

  2. Белсенділік ұстанымы: оқушылардың сабаққа толығымен шынайы қатысуы.

Басқа сабақтан ерекшеліктері:

  • Оқушылардың өз білімдерін көрсете білуі

  • Оқушылардың сабаққа шынайы, белсенді қатысуы

  • Проблемаларды бірігіп талдап, шешу жолдарын іздесттіру

  • Оқушылардың топпен жұмысы

  • Пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

POWER POINT бағдарламасында жұмыс істеу режимдерінің ерекшеліктерін ескеру, слайдқа мәтін, сурет, графикалық объектілерді енгізу, слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қоса отырып, белгілі бір тақырыпқа презентацияға құруға үйрету.

Тәрбиелік:

Оқушыларға әр түрлі тақырыпта слайд дайындау үшін тапсырма беріп, ой- өрістерін кеңейту, кәсіптік бағыт- бағдар беру.

Дамытушылық:

POWER POINT бағдарламасымен жұмыыс істеу дағдыларын жетілдіре түсу, дамыту. Компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру.

Әдіс- тәсілдер: АКТ- ны пайдалану, топпен жұмыс, сұрақ- жауап, электрондық тест.

Көрнекілігі: таратпа карточкалар, интерактивті тақта, компьютер, суреттер, плакаттар, топ аттары.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

/оқушылар екі топқа бөлініп, өз орындарына жайғасады/

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, бүгінгі сабаққа сәттілік тілеу. Смайликтерді пайдаланып, оқушылардың көңіл- күйлерін білу.

ІІ Үй тапсырманы тексеру

«Серпілген сауал» әдісі арқылы өткен тақырыпты еске түсіру

/оқушылар бір- біріне сұрақ қоя отырып, жауабын алады/.

Тренинг бірнеше кезеңнен тұрады.

1 кезең. Сергіту сәті

Интерактивті тақта арқылы саймандар тақтасындағы батырмалар көрсетіледі. Оқушы төмендегі батырмалардың реттік номерін көрсетуі керек.

А) алдын- ала қарау батырмасы

Ә) қиып алу батырмасы

Б) енгізу батырмасы

2- кезең. Еске түсіру кезеңі

Сұрақ- жауап түрінде өтеді. Әр топқа POWER POINT бағдарламасы бойынша 10 сұрақтан беріледі.

Оқушылар топта бір-біріне білмегенін үйретіп, бір- бірін оқытады, жауап беруге бір оқушы шығады.

3- кезең. «Өзін- өзі тексеру»

Электронды тест. Оқушылар компьютерде дайындалған тестерге жауап береді. Жауап беру барысында әр жауаптың «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деген сөздермен дыбыстық түрде беріледі.

4- кезең. Шығармашылық тапсырма

Төмендегі тақырыптардың ішінен, бір тақырып таңдап алып, сол тақырыпты ашатындай слайд дайындауды жоспарлап, жобасын жасау.

1 топқа:

  1. Қазақ хандығына -550 жыл

  2. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні.

  3. Paint бағдарламасы.

2 топқа:

  1. Қазақстан -2030

  2. Абай Құнанбаев

  3. Қазақстан Республикасының Президент күні.

5- кезең. Шығармашылық тапсырмаларын компьютерде теру, оны әр түрлі анимациялық эффектілерді қосып, пайдалану арқылы көркемдеп, безендіру.

6- кезең. Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

Компьютерде дайындаған презентациялық материалдарын демонстрациялап, қорғайды.

7- кезең. Саралау- бағалау. Оөушылардың жұмысын талдап, баға беру.

Понравился материал? Поделиться с друзьями:
Просто учёба