Химия п?нінен саба? жоспары » Сараманды? ж?мыс №1 Органикалы? зат ??рамында?ы к?міртекті ж?не сутекті сапалы? ж?не санды? аны?тау»

Сыныбы – 11

Сабақтың тақырыбы: Сарамандық жұмыс № 1

«Органикалық зат құрамындағы көміртекті және сутекті сапалық және сандық анықтау».

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Органикалық зат құрамындағы элементтерді көміртекті көмірге (күйеге) немесе көміртек (IV) оксидіне, сутекті суға айналдыру арқылы сапалық анықтау.

2. Дамытушылық: Оқушылардың теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйрету. Талдау, қорытынды жасау білім-білік дағдыларын дамыту.

3. Тәрбиелік: Өз бетінше жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: Сарамандық жұмыс.

Сабақ өткізу түрі: эксперимент, есеп шығару.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сын тұрғысынан ойлау, сұрақ-жауап, зерттеу, түсіндіру, әңгімелеу, топтық, жұптық және жеке жұмыс

Жұмысқа қажетті құралдар-көрнекіліктер: дәптер, интерактивті тақта, слайдтар, нұсқаулық

Сарамандық жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер: зертханалық тұрғы, спиртшам, сынауықтар, химиялық стақан, кәрлен табақша, қандауыр, газ жүретін түтік, глюкоза немесе қант, парафин, CuSO4, CuO, әк суы.

Сабақтың жүру барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

• Сәлемдесу.

• Сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау, назарларын сабаққа аудару.

• Оқушыларды психологиялық дайындау, сергіту сәті.

II. Оқушыларды сарамандық жұмысты сапалы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1. Өткен теориялық білімдерін еске түсіру жұмыстары.

 Қызығушылықтарын ояту «Миға шабуыл».

a) Органикалық химия қандай қосылыстардың химиясы?

b) Органикалық заттардың құрамына кіретін элементтер

c) Мына суреттегі заттар қандай қосылыстарға жатады?

2. Сарамандық сабақтың тақырыбын хабарлау.

3. Оқушылармен бірге отырып, сабақтың мақсатын айқындау.

Мақсаты: глюкоза, қант, парафиннің құрамындағы көміртекті, сутекті сапалық жолмен анықтау.

4. Проблеманы айқындау кезеңі. Инсерт кестесін толтыру.

Білемін Білгім келеді Білдім

5. Сарамандық жұмыстың орындалу ретін талдау, нұсқау беру.

 Әр оқушының алдына жұмыстың орындалу реті жазылған нұсқаулық беру.

 Интерактивті тақтадан орындайтын жұмыстың тақырыбын көрсету.

1. Органикалық зат құрамындағы көміртекті (күйеге) айналдыру арқылы анықтау.

2. Органикалық заттағы көміртекті – көміртек (IV) оксидіне, сутекті – суға айналдырып анықтау.

 Қауіпсіздік техникасының ережелерін еске түсіру, (затты қыздыру кезінде) таныстыру.

III. Оқушылардың сарамандық жұмысты орындауы.

1. Сарамандық жұмыс қорытындысын жасау.

2. Дәптермен жұмыс.

№ Іс – әрекеттер (тәжірибелер атауы, түсіндірме жазбалары, суреттер) Бақылағаны Реакция теңдеулері Қорытынды

1

2

3. Органикалық заттың құрамындағы хлорды сапалық анықтау

 Қосымша, интерактивті тақтадан виртуалды тәжірибені көрсету.

4. Сандық есеп шығару. Молекулалық формуланы анықтау.

 Есептің шығару алгоритімі

IV. Үйге тапсырма: молекулалық формуланы анықтауға есептер шығару.

V. Білімді бекіту.

Рефлексия кезеңі:

• Не білдік? Не үйрендік? Не үшін қажет?

VI. Қорытындылау.

• Бүгінгі сабақтан алған әсерім.

VII. Бағалау.

Понравился материал? Поделиться с друзьями:
Просто учёба