3 санын ?осу ж?не азайту.

Математика 2 сынып

Сабақтың тақырыбы: 3 санын қосу және азайту

Білімділік: 3-ті қосуды және азайтуды тиянақтай түсу барысында 3-ті қосу кестесін құрастыру және қосылғыштардың біреуі 3 болып келген жағдайда санның құрамы жайлы жан-жақты түсіндіру. 

Дамытушылық: Оқушылардың жан-жақты ойлауын,іздену,есте сақтауын,іс жүзінде қолдана білу қаблетін дамыту.Ауызша, жазбаша қосуға дағдыландыра отырып,ойын есептер арқылы ойлау қаблеттерін дамыту. 

Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, ұқыптылыққа,ұйымшылдыққа, таза жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың түрі: Ертегі сабақ

Көрнекілік: «алтын теңгелер»шаблондар, суреттер, плакат, слайд.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақ жоспары:

I.Ұйымдастыру.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

III.Ауызша есептеу.

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру

V. Бекіту.

VI.Қорытынды. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық. 
Біздер тату баламыз
Өсіп алға барамыз
Есептерді шығарып,
Біз білімді боламыз

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Қане балалар үй тапсырмасын тексерейік. Үйге қандай тапсырма берілді?деп оқушылардан сұраймын.

III.Ауызша есептеу.

Балалар біз қазір сендермен бір ойын ойнайық.

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру

— Балалар, ерте, ерте, ертеде «Математика елінде» бір хан болыпты. Ханның «Бір»,«Екі», «Үш», «Төрт», «Бес», «Алты», «Жеті», «Сегіз», «Тоғыз» «Он» — деген он ұлы болыпты. Олар тату-тәтті өмір сүріп жатады. Күндердің бір күнінде оның «Үш» деген ортаншы баласы жоғалып кетіпті. Сонда хан былай деп жар салыпты:
— Уа, халайық, кімде-кім менің баламды тауып берсе, ат басындай алтын беремін!
— Балалар ханға өзінің ұлын табуға көмектесеміз бе?
Бүгінгі сабақта берілген тапсырмаларды орындау арқылы, «үштің» табылуына көмектесе аласыңдар. Олай болса, іске сәт!
Сабаққа белсене араласқан баланың әр дұрыс жауабына 1 «алтын теңгеден» қосылады. Сөйтіп, сабақ соңында қорытындысы шығарылады.

а) Санға 3 – ті қосу кестесін есіңе түсір. Сол жақ бағандағы мысалдарды шығар.

8+3

9+3

ә

№3. Тақтаға бір оқушыны шығарамын. ) Түсіндір. 8-ге 3-ті қалай қосу керек? 11-ден 3-ті қалай азайту керек?Қалталы палатно арқылы түсіндірем.

8+3=11 ——- 11-3=8
(8+2)+1=11 —— (11-1)- 2=9

б) Түсіндіре отырып,шығар:

Оқушыларға орындату:
б) ) 9+3=12 ——- 12-3=9
(9+1)+2=12 ——- (12-2)- 1=9

№2 Тура теңдіктер құр. Қосу кестесінен пайдаланған теңдікті жаз.
11-3=8
3+8=11
11-8=3
8+3=11

Асханаға түске дейін 20 кг, түстен кейін 15 кг картоп әкелінді. Кешкі тамаққа 5 кг картоп жұмсалды. Неше килограмм картоп қалды?

Есепте не туралы айтылған? Картоп

20 саны нені білдіреді? Асханаға түске дейін әкелінген картоп салмағы

15 саны нені білдіреді? Асханаға түстен кейін әкелінген картоп салмағы

5 саны нені білдіреді? Кешкі тамаққа жұмсалған картоп салмағы

Есептің сұрағы қандай? Неше килограмм картоп қалды?

Есептің сұрағына бірден жауап Жоқ

беруге болама?

Неге? Себебі, жалпы әкелінген картоп салмағы белгісіз

Оны қалай табамыз?

1) Асханаға түске дейін және түстен кейін әкелінген картоп салмағын қосып, жалпы асханаға әкелінген картоп салмағын табамыз.

2) Жалпы асханаға әкелінген картоп салмағынан кешкі тамаққа жұмсалған картоп салмағын азайтып, жалпы неше килограмм картоп қалғанын табамыз.

20+15 = 35(кг)

35-5 = 30(кг)

Жауабы: 30 килограмм картоп қалды

№4 Қапта 11 кг ұн бар еді. Оның 2 килограмы жұмсалғаннан кейін, қапқа тағы 3 кг ұн салынды. Қаптағы ұн енді неше килограмм болды?

Есепте не туралы айтылған? Ұн

11 саны нені білдіреді? Қаптағы ұнның салмағы

2 саны нені білдіреді? Жұмсалған ұнның салмағы

3 саны нені білдіреді? Салынған ұнның салмағы

Есептің сұрағы қандай? Қаптағы ұн енді неше килограмм болды?

Есептің сұрағына бірден жауап Жоқ

беруге болама?

Неге? Себебі, қапқа ұн қосылғаннан кейінгі ұнның

салмағы белгісіз.

Оны қалай табамыз?

1) Қаптағы барлық ұн салмағынан жұмсалған ұнды азайтып, жұмсалғаннан кейінгі ұнның салмағын тауып аламыз.

2) Жұмсалған ұннан кейінгі ұнның салмағына тағы салынған ұнның салмағын қосып, қаптағы ұнның енді неше килограмм болғанын табамыз.

11-2 = 9(кг)

9+3 = 12(кг)

Жауабы: Қаптағы ұн енді 12 килограмм болды.

№5 Өрнекті жаз және оның мәнін тап.
9 бен 1 сандарының қосындысына 2-ні қос;(12)
12 мен 2сандарының айырмасынан 1-ді азайту; (9)

8 бен 2 сандарының қосындысына 1-ді қосу; (11)
11 мен 1 сандарының айырмасынан 2-ні азайту (8)
(9+1)+2=12
(12-2)- 1=9
(8+2)+1=11
(11-1)- 2=8

Келесі есепте кесінділерді сыздыртамын. Қарындаш, сызғыштарымызды дайындайық.

Бізге 7-ші есепте кесінді сызу керек.

Ұзындығы 13 см кесінді сыз. Енді осыдан 2 см, 3 см, 10 см қысқа кесінділер сыз.

Бірінші 13 см кесінді сызайық. Енді осыдан 2 см-ге қысқа кесінді сызайық. Ол үшін 13 см-ден 2 см-ді азайтайық. Енді 13 см-ден 3 см-ге қысқа кесінді сызайық. Ол үшін 13 см-ден 3 см-ді азайтайық. Енді 13 см-ден 10 см-ге қысқа кесінді сызайық. Ол үшін 13 см-ден 10 см-ді азайтайық.
Оқулықтағы шығармашылық тапсырма

2,3,5 сандарын пайдаланып, мәні 4-ке тең өрнектер жаз. Неше өрнек жаздың?

(5+2)-3=4

(5-3)+2=4

VI.Қорытынды.

— Бүгінгі біздің сабағымыз қандай санмен байланысты болды?
— 3 саны туралы не білдіңдер?

— Балалар, ханға ұлын табуға көмектескендерің үшін рақмет. Сөйтіп барлық цифрлар түгел жиналып, осылардан әрі қарай сандар өрбіген екен.

Үйге тапсырма. Тапсырмалардың барлығын орындап болдық енді сабаққа жақсы қатысқан балаларды бағалайық. №6 есеп 59 бет

Понравился материал? Поделиться с друзьями:
Просто учёба