7 санын ?осу ж?не азайту «Конспект урока математики»

Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты: 1 . 7 санын қосу және азайтудың әдістерімен таныстыру; 2. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту;

3. Оқу құралдары мен мектеп мүлкіне ұқыптылықпен қарауға ,салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу,көрнекілік

Көрнекілігі: кестелер,цифрлары бар карточкалар,тәрелке,сауыт,кәмпиттер, гүлдер суреті, жас математик медалі,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық. «Тілек шоғы»

ІІ. Өтілген материалдарды қайталау.

«Қалт етпей қағып ал» — ойыны. 2,3,4,5,6 сандарының қосу және азайту кестесін пысықтау.

ІІІ.Жаңа сабаққа дайындық.

Қызықты есепті оқу:

Алма бағы жайнаған.

Қызыл алма айналам.

Алдым үзіп бесеуін.

Тағы алдым екеуін.

Алдым сонда нешеуін?

— Қандай сан екен?

— 7 саны қазақ халқында қасиетті,киелі сан болып есептеледі.

7 ата 7 күн 7 түс

7 қазына 7 7 жұт

7 жарғы

IV Жаңа сабақ.

Бүгінгі сабағымызда 7 санын қосу және азайтуды білетін боламыз. Сабақ барысында түрлі ойындар ойнаймыз. Дұрыс жауап берген оқушыға гүл сыйлаймын. Сабақ соңында кімде гүл көп болса сол оқушы» жас математик» медаліне ие болады. Ал балалар, мен сендерге сәттілік тілеймін.

Алғашқы ойынымыз » Жаз, жатта» -деп аталады.

Қазір екі қатардан бір оқушыдан шығып өз беттеріңмен 7 санынын кестесін құрастырып көресіңдер.

1+7 8-7

2+7 9-7

3+7 10-7

Жарайсыңдар,балалар. (оқушылар гүлдерін алады)

V Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу. 7 санының кестесін жазу.

VI Миға шабуыл. Математикалық жұмбақ есептер.

Табақта 5 өрік.

Қолымда 2 өрік.

Барлығын қосқанда.

Болады неше өрік? (7)

Алма ағашта 8 алма.

Қандай тәтті жесе алма.

Біреуін мен жеп қойсам.

Қалады сонда неше алма?(7)

Мұратта бар 5 іні

Маратта бар 2 іні.

Қоссақ 5 пен 2-ні

Болады сонда неше іні?(7)

Жақсы,мен сендерге ризамын. (гүлдерін беру)

VII Оқулықпен жұмыс.

Есепті қысқаша жазып ,шығаруымыз керек.

— Есепте не туралы айтылған?

— Тағы не туралы?

— Тәрелкедегі кәмпит нешеу?

— Сауытта ше?

— Барлығы туралы не білеміз?

— Шешуін қандай амалмен шығарамыз? Неге?

VIII Сергіту сәті.

Апам үшін күнде де күнде де.

Отын ағаш жарамын, жарамын.

Су құямын гүлге де гүлге де.

Дүкенге де барамын,барамын.

Сыпырамын үй ішін.

Ыдыс — аяқ жуамын,жуамын.

Жылай қалса бөпешім,бөпешім.

Жұбатамын ойнатып,ойнатып. (Әр жолын қимылмен көрсету)

IX «Құлпынай теру» -ойыны.

Азайтқыштың астын сыз.

3+7 10-5 9-7

10-0 9-9 8+0

3+6 2+7 9-8

X «Көршім қайда» -ойыны.

Кіші көршім оң жақта.

Үлкен көршім сол жақта.

Тұрушы еді қасымда.

Қайда кетті жан-жаққа

1…3,7…9,4…6,…3,4

(қойған санмен бірге сөздің буындары шығып тұрады)

Балалар ,қандай сөз шықты. Жарайсың!

XI Қорытындылау.

«Жас математикті » анықтау, марапаттау.

«5»болсын алар бағамыз.

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер-білім көп болып.

Өсе берсін санамыз.

XII. Үйге тапсырма: 7 сананының қосу және азайту кестесін жаттау

131-132 беттердегі тапсырмаларды қайталау.

XIІ. Бағалау: оқушыларды мадақтап, бағалау

Понравился материал? Поделиться с друзьями:
Просто учёба