Пәні: |
Сынып: |
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні |
|||
алгебра |
7 |
27.02.19ж. |
Ахметжанова М.С. |
|||
Сабақтың тақырыбы |
Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру. |
|||||
Оқу мақсаттары |
7.1.2.14 тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану; 7.2.1.14 алгебралық өрнектерді қысқаша көбейту формулалары арқылы кө бейткіштерге жіктеу; 7.2.1.15 қысқаша көбейту формулалары арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындау ; |
|||||
Сабақтың мақсаты |
— қысқаша көбейту формулаларын жатқа біледі, көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің тәсілдерін еске түсіру арқылы шығара алады; -санды өрнектердің мәндерін тиімді тәсілмен есептеу үшін қысқаша көбейту формуласын таңдап, түрлендіре алады; -қысқаша көбейту формулаларын қолданып өрнектерді көбейткіштерге жіктей алады; |
|||||
Бағалау критерийі |
— қысқаша көбейту формулаларын жатқа біледі, көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің тәсілдерін еске түсіру арқылы шығарады; -санды өрнектердің мәндерін тиімді тәсілмен есептеу үшін қысқаша көбейту формуласын таңдап, түрлендіреді; -қысқаша көбейту формулаларын қолданып өрнектерді көбейткіштерге жіктейді; |
|||||
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар: – қысқаша көбейту формулаларын ауызша тұжырымдай біледі; – ауызша тұжырымдалған қысқаша көбейту формулаларын жазады – көпмүшені көбейткіштерге жіктеу тәсілінің таңдалуын дәйектейді; – көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің орындалуын түсіндіреді; лексика мен терминалогия: – қысқаша көбейту формулары; – екі өрнектің квадраттарының айырмасы; – екі өрнектің қосындысының және айырмасының квадраты; – екі еселенген, /үш еселенген/ көбейтінді; – екі өрнектің қосындысының және айырмасының кубы; – екі өрнектің кубтарының қосындысы/айырмасы; – көбейткіштерге жіктеу; – ортақ көбейткіш, ең үлкен ортақ көбейткіш; – топтау тәсілі; – коэффициент; Диалогқа/ жазылымға қажетті тіркестер: – екі өрнектің квадраттарының айырмасы … тең; – екі өрнектің қосындысының (айырмасының) квадраты … тең; – екі өрнектің қосындысының (айырмасының) кубы … тең; – екі өрнектің кубтарының қосындысы ( айырмасы) … ; – ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару үшін … ; – коэфициенттердің ең үлкен ортақ бөлгіші; – берілген өрнекті … түрінде жазуға болады; – көпмүшені көбейткіштерге жіктеу үшін … ; – көпмүшенің … бар мүшелерін(өрнекті) бірге топтаймыз; – берілген көпмүшені көбейтінді түріне келтіру үшін …қолданамыз; – берілген өрнектен қосындының (айырманың) квадратын бөліп алу үшін; |
|||||
Құндылықтарға баулу
|
Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім(ұлт өкілдері қанша, жер көлемі қанша –есеп жауабырқылы ) Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана(қазақ елінің астанасы болған қалалар, Астана — 20 ) Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы(қазақ елінің астанасы болған қалалар, үштілділік) |
|||||
Сабақ барысы |
||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы
5 минут |
Ұйымдастыру: — амандасу, түгелдеу, сыныптың даярлығы (қажетті құрал—жабдықтар).Оқушылар түстерді таңдау арқылы көңіл күйлерін анықтау. Қызыл қуанышты көңіл-күй Алқызыл-ұнамды көңіл-күй Сары-жағымды көңіл-күй Көк- суық көңіл-күй Қоңыр-қиналған қиналған көңіл-күй Күлгін-алаңдаушы көңіл-күй Қара-күш қуаттың төмендеуі Ақ –анықталмаған көңіл-күй. Сұрақтарға тек қана «ия» немесе «жоқ» деп жауап беру керек 1) Сандардың және әріптердің қосындысын бірмүше деп атайды.
|
Интербелсенді тақта
|
||||
Сабақтың ортасы
8минут
5мин
7 минут
8 минут
|
«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы жұптық жұмыс Өрнекті ықшамдa: a) 3(2x-1)2+12x в) (x+3)2-(x-2)(x+2) Көбейткіштерге жікте: a) 36×3-x б) a4-1 Теңдеуді шешу: (x2-1)(x2+3) = (x2+1)2+x Дескриптор: -қысқаша көбейту формуласын қолданады — жақшаны ашады — ықшамдайды — ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарады Жеке жұмыс: 1. Көпмүше түрінде жазыңдар: (10x3 +1)( 1 – 10x3); (p+3)(p -11)+(p+6)2. 2. Көбейткіштерге жіктеңдер: (5p +3q)2 – 4q2 ; 27 – 8a3 ; 3. Теңдеуді шешіңдер: (2x — 1)2 -36 =0; 4. Тепе-теңдікті дәлелдеңдер: (x +a)(x+b) = x2 +(a+b)x +ab. Сергіту сәті Топтық жұмыс: 1.Постерге шығарып,түсіндіру 1-топ №35.11(1) 2—топ №35.11(2) 3—топ №35.11(3) 2.Автобус аялдамасы Тест 1. (2a+3b)2 амалды орындаңдар. А) 4a2+9b2 В)4a2+12ab+9b2 Б) 4a2+12ab+3b2 Г) 4a2-12ab+9b2 2. 1) (2x-1)2 = 4×2-1 2) (2x-1)2= 4×2-4x+1 3) (2x-1)2=4×2-2x+1 4) (2x-1)2= 4×2+4x+1 мына теңбе- теңдіктердің қайсысы тура теңбе- теңдік болады? А) 1;4 Б) 2;4 В)1;3 Г)3;4 3. (k+2n2)2=25m2+20mn2+4n4 k-орнына теңдік тура болатындай өрнекті қойыңдар: А) 25m2 Б) 5m В) 5m2 Г)5m4 4. 12x+x2+36 өрнегін екімүшенің квадраты түрінде жазыңдар: А) (x-6)2 Б) (2x-6)2 В) (x+6)2 Г)(x-4)2 5. k- орнына қандай өрнекті қойғанда екімүшенің квадраты бола алады? 16×2-k+9y2 А)12xy Б) 4xy В) 3xy Г) 24xy 6. Амалды орындаңдар: (b+2a)(2a-b) А)b2-4a2 Б)4a2-b2 В)2a2-b2 Г)4a2-4ab+b2 7. ? –н тура теңбе- теңдік болатындай етіп алмастырыңдар: (9x+ ?)(9x-?)=81×2-121a4 А) 11b2 Б) 11a В) 11a2 Г)121a2 |
Алгебра 7-сынып Ә.Н.Шыныбеков Атамұра баспасы,2017 Алгебра 7-сынып А.Е .Әбілқасымова, Мектеп баспасы, 2017
Топшама Гаусс әдісі https://youtu.be/ R39QvyPYjHM
|
||||
Сабақтың соңы
7 минут
2 минут |
Қалыптастырушы бағалау: Оқыту мақсаты: 7.1.2.14 тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану 7.2.1.14 алгебралық өрнектерді қысқаша көбейту формулалары арқылы көбейткіштерге жіктеу Бағалау критерийі: Білім алушы Есептеу барысында қысқаша көбейту формулаларын тиімді қолдана алады Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктейді Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді ықшамдайды Ойлау дағдыларының деңгейі: қолдану Тапсырма-1 Тиімді тәсілмен есептеңіз: 5,2 Дескриптор Білім алушы — қажет формуланы қолданады; — түрлендіруді орындайды; — өрнектің мәнін табады. Тапсырма-2 Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеңіз: 6х2 -24у2 Дескриптор Білім алушы − қай формуланы қолдану керектігін анықтайды; − қысқаша көбейту формулаларын қолданады; — өрнектерді көбейткіштерге жіктейді.
Жауабы интербелсенді тақтада көрінеді. Үйге тапсырма: №5.138(2,4,6) Рефлексия «Блоб» сатысы Бүгінгі сабақ тақырбы бойынша түсінуі мен қолдана алатыны туралы пікірлерін жазады. Меңгеру деңгейі бойынша тау суретіне стикерді жапсырады.
Қорытынды Үйге тапсырма №35.29 |
АКТ
Сурет Интербелсенді тақта
|