КОНСПЕКТ УРОКА МАТЕМАТИКИ НА ТЕМУ «?АЙТАЛАУ»

4″ә» сынып

Математика

Сабақтың тақырыбы:Қайталау.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: қосындыны санға көбейтудің тәсілдерін қолданып, есептер шығару барысында қолдана білу біліктері мен бейімділіктерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін дамыту,ойын арқылы ойлау қабілеттерін арттыру. Ақпараттық технологияларды пайдалану барысында ақпараттық құзырлықтары мен математикалық ойлау қабілеттерін шыңдап дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды шапшандыққа жүйелі түрде еңбек етуге және барлық тапсырма түрлерін орындау қажеттілігін түсінуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: саяхат сабағы

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын, әңгімелеу,топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта,сандық,карта

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу,бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

-Балалар бүгін бізде математикадан ашық сабақ өтеді. Біздің ашық сабағымызға қонақтар келіпті, ендеше сол кісілермен амандасайық.

Психологиялық дайындық:

«Күннің көзімен сөйлесу» Оқушылар шеңбер құрып, күнге өздері туралы айтады.

-Жарайсыңдар балалар!

-Балалар, бізде қазір қандай сабақ болып жатыр?

-Математика сабағынды біз не істейміз?

-Есептерді қалай орындау керекпіз?

-Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: қайталау сабағы.

-Ендеше балалар бүгінгі математика сабағында сендер бар білгендерінді ортаға салып,барлық тапсырмаларды шапшаң және дұрыс орындауға тілектеспін.

Топқа бөлу Оқушылар таңдап алған мақал-мәтелдерді топтастыру арқылы «Отан», «Еңбек», «Білім» тақырыптары бойынша 3 топқа бөлінеді.

І топ. «Отан»

«Отансыз адам- ормансыз бұлбұл»

«Отан оттан да ыстық»

«Туған жердей –жер болмас

Туған елдей- ел болмас »

«Туған жердің күні де ыстық,

Түні де ыстық»

«Өз елімнің басы болмасам да,

Сайының тасы болайын».

ІІ топ. «Еңбек»

«Еңбек ерлікке жеткізер»

«Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тілеңбей»

«Еңбек түбі береке»

«Ердің атын еңбек шығарады»

«Еңбегі аздың өнбегі аз»

«Кім еңбек етсе сол тоқ»

ІІІ топ. «Білім»

«Оқу — білім бұлағы,

Білім –өмір шырағы»

«Күш – білімде»

«Оқусыз білім жоқ

Білімсыз күнің жоқ»

«Оқы да, біл

Ойна да, күл»

«Білекті бірді жығар

Білімді мыңды жығар»

«Ақыл –тозбайтын тон,

Білім –таусылмайтын кен.

Үй жұмысын тексеру «Кубизм» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру.

47 бет №1

Картамен жұмыс

-Балалар біз қандай облыста тұрамыз?

-Ал қандай ауданда?

-Біздің ауылымыз қалай аталады?

-Балалар сендер картамен жұмыс жасай алады екенсіңдер.Өте жақсы өйткені мен арғы атамның заттарын қарап жатқанда картаға ұқсас бір парақ тауып алдым.Кәне қарандаршы.

Бұл не? Қандай карта — қарақшылар картасы.Ал балалар қарақшылардың қазынасын іздеуге дайынсыңдар ма? Саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма?

Мынау картаның артында бір мақал жасырынған екен кәне тауып көрелік.

—————— рет өлше,

——————рет кес.

Жауабы

7рет өлше

1рет кес -дұрыс Бұл мақалдың мағынасы нені білдіреді? Сендерге осы мақал арқылы нені айтқылары келеді?

Қарақшылар аралына бару үшін біз ұшаққа мінейік.

Алдымыздан бірінші кедергі шықты — Ежелгі лабиринт

№1 тапсырманы орындайық

Әнетке арналған тапсырмалар

1.

52+5*2

(6+1)*30

2.Көркем жазу

3,10,6

3. Ұзындығы -9 см

Ені — 3 см

Периметрі -?

Ауданы — ?

№1 Отан №2Білім

(80+24):8

(60+12):3

24:6 + 26

28:7 +16

(40+24):8

(50+35):5

52 + 7*7

10*0 + 99

№3Еңбек

(90+ 18):9

(80+12):2

60:5 -0

72 : 8 — 9

Екінші кедергі көл

2 тапсырмасы. Дәптермен жұмыс

Ақпанның 17-сі

Сынып жұмысы

17 санына сипаттама беру( екі таңбалы сан, екі тор көзге жазылады, тақ саны ,көршілері 16 және 18т.б)

Көркем жазу 1суретпен жұмыс

Тышқан қандай сандардан құрастырылған?

Ендеше осы сандарды жазып шығыңдар. 3,1,6,11

Келесі кедергі тау

Таудың тапсырмасы.

6см 6см ?

S=? P-?

S=35см2 P-?

S-24 см2 P-?

?см 5см 7см

Фигураны жақсылап қарап алыңдар.Енді көздеріңді жұмып көз алдарына осы фигураны елестетіңдер. Қанша тік төртбұрыш бар?

Өте жақсы 3 тік төртбұрыш.

№1Отан қызыл тік төртбұрыштың периметрін және ауданын табу

№2 Білім жасыл фигураның периметрін табу

№3Еңбек көк тік төртбұрыштың периметрін табу

Сергіту сәті «Қарақшылар» биі

Әнетке арналған тапсырмалар

4. Айгүл 15 жаста , ал інісі 5 есе кіші . Айгүлдің інісі неше жаста ?

5. 2м = см

1дм = см

1 кг = г

Үшінші кедергі сарқырама

40-ты әрқайсысы 5-ке бөлінетін екі қосылғыштың

қосындысы түрінде жазып көрсет.Барлығы неше қосынды

жаздың?

Төртінші кедергі орман

5 тапсырмасы. Жұмбақ шешу

Тақылдатып,

Мазаны ап,

Ағаштарды тазалап,

Ормандарды емдейдi,

Зиянкестi жазалап

Жауабы :тоқылдақ

Тоқылдақ сөзінде неше дауысты дыбыс бар?

Оқулықпен жұмыс 50 бет №6

№1Отан

№2 Білім

№3Еңбек

Қарақшылардың қазынасын таптық.Енді сандықты ашайық.

6 тапсырма

Балалар асыл қазынаны таптық ал бізге қазынаны табу үшін мақсатымызға жету үшін не көмектесті? — Білім. Дұрыс, ендеше адамның негізгі байлығы — білім.

Сабақты қорытындылау. Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

Сабақта нені үйрендік?

Ауданды есептеу қажеттілігі қандай кезде туады?

Аудан қандай өлшем бірлігімен өлшенеді? т.б

«Сабақты бағалау» сабаққа баға беру

Үй жұмысы 49 бет №3 Үй тапсырмасын түсіндіре отырып беру.

Бағалау. Бағалау парағы бойынша оқушылар өздерін бағалайды.

Рефлексия Арнайы микрофонды береміз.Еркін түрінде қатысушылар

«Бос микрофон» сабақтан алған әсерлері туралы пікір бөліседі.

1.

52+5*2

(6+1)*30

2.Көркем жазу

3,10,6

3. Ұзындығы -9 см

Ені — 3 см

Периметрі -?

Ауданы — ?

4. Айгүл 15 жаста , ал інісі 5 есе кіші . Айгүлдің інісі неше жаста ?

5. 2м = см

1дм = см

1 кг = г

Понравился материал? Поделиться с друзьями:
Просто учёба