Еліне ?ам?ор Елбасы.

Сабақтың тақырыбы: Еліне қамқор Елбасы.

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу, шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, Назарбаевтың суреттері, слайд.

Мұғалім: Ақиқат – тіліп түсер алмасымыз,

Тәуелсіздік жалғасқан жалғасымыз.

Халқымыз бірауыздан қолдайтұғын,

Елбасымыз – Назарбаев Нұрсұлтан. Құрметті оқушылар, қонақтар 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні құтты болсын! Осы айтулы күнге орай «Еліне қамқор Елбасы» атты тәрбие сағатын бастаймыз.

Есенғали: Отбасы және балалық шағы. Н.Ә.Назарбаев 1940 жылдың 6 – шілдесінде Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау – бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз – маз өнімдерін сатып, үй ішіне қажетті заттар алу үшін қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару деген оған керемет мереке сияқты саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алады. Ата – анасын қатты құрмет тұтты.

Дина: Қызмет жолы: 1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты техникалық оқу орнын, 1976 жылы Кеңес Одағы Комунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғарғы партия мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

Ерасыл: 1960 – 1969 ж. Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

1969 – 1973 ж. Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия – комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1973 – 1977 ж. Карметкомбинаттың партком хатшысы.

Эльмира: 1977 – 1979 ж. Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 2 – хатшысы. 1979 – 1984 ж. Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984 – 1989 ж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы. 1989 – 1991 ж. Қазастан КП ОК Бірінші хатшысы, 1990 ж. ақпан – сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды. 1990 ж. Сәуірінен Қазақ КСР президенті. 1991 ж.желтоқсанның 1 – інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президенті үшін жалпы халықтық сайлау өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен жеңіске жетті. Ол 1995ж, 1999ж, 2005ж, 2011ж, 2015жылдары қайта сайланып отырды.

Бексултан:

Халқымда күш – қуат бар озар лайық,

Сондықтан алға қалай қозғалмайық!

Тәуелсіз елдің туын желбіретіп,

Көтерген көкке биік Назарбаев!

Жұлдыз:

Ашылып алдымыздан оң құбыла,

Бақ болып басымызға қонды мына.

Кірсек біз елу елдің қатарына,

Содан соң қол созамыз ондығына.

Аида:

Арқаны кеңге салмай, уақыт тарын,

Қолымен қойғандай ғып танып бәрін,

Берді айтып қолымызға ұстатқандай,

Өрлетер әр саланың бағыттарын.

Есенғали:

Қалдырмай әрбір ауыл, әр ошақты,

Өшпейтін бұл өмірдің шамын жақты.

Айқындап көз алдыңа әкеп отыр,

Тап басып тамыршыдай болашақты.

Ақбота:

Сезгенде жаймашуақ көктемді біз,

Ең қиын қысы кетіп, өткенде күз.

Жүгіміз аумасын деп орта жолда

Атты да ауыстырмадық өткелде біз.

Дина:

Толығар нәрсең болса толықпаған,

Өйткені тауым тыныш, тұнық далам.

Ұстатып қолына оның ел тізгінін,

Сол үшін халқым сеніп ұлықтаған.

Ерасыл:

Барынша қабілетті болған елдер,

Білеміз тек еңбекпен кемелденер.

Айтып тұр Елбасымыз, сасар түк жоқ,

Бұл деген тірлік екен қолдан келер.

Жұлдызай:

Қадамы мықты елміз алға басқан,

Сондықтан кем болмаймыз бақ-арыстан.

Ап шықты Елбасымыз жолын тауып

Кешегі төніп келген дағдарыстан.

Эльмира:

Шалқытып ақын жүрек толғасын да,

Көшбасшың адастырмас бар қасыңда.

Жол тартты Жаңа әлемге Қазақстан

Көреген Елбасының арқасында.

Ән: «Жаса, қазағым!»

Аида:

Көрінер осыдан-ақ озғаны әрі,

Сірескен сеңді бұзып қозғағаны.

Қаймықпас қара дауыл, борандардан,

Ол-елдің қыран бүркіт, мұзбалағы.

Жұлдыз:

Бойында күш-жігерін аяп қалмай,

Оятқан елімізді таң аттырмай.

Нұрсұлтан бұл ғасырдың ғұламасы,

Ап шыққан жұрт соңында шаң қаптырмай.

Бексултан:

Жақсының айтады ел жақсы атын,

Тұнық боп тұмасынан басталатын.

Елінің ертеңіне көз жіберген,

Талмасын, Қыран бүркіт, қос қанатың!

Ақбота:

Кенеліп мол табысқа ұлан-асыр,

Жасап ап кереметтер келер асыл,

Жүрейік биік ұстап еңсемізді,

Таң қалып жатсын бізге мына Ғасыр!

Дина: Ауыр күнді артымызға тастауы –

Қиын сәтте қиындықта қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаның бастауы.

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады – ау кісілік!

Ерасыл: Уа, халқым, сөз қадірін білесің.

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

Басшысы болмаса, ел жетім.

Көсіле шабар жерім бар,

Тау көтерген елім бар.

Жұлдыз –ай: Қол бастайтын ерім бар,

Атадан қалған сара жолым бар.

Қазақ елі желбіреп көк байрағың,

Гүлге оранды ауылың мен аймағың.

Нұрсылтаның биіктерге бастады,

Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.

-Бәрекелді, балалар! Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін сендерсіңдер.

Осымен, Елбасымызға арналған «Еліне қамқор Елбасы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Ән: «Атамекен» хор.

Понравился материал? Поделиться с друзьями:
Просто учёба