Жеңгем Айғаншаның , қайнағасы Санайдың атын атауы .
Уйге акша қажет болып , атан түйе сойылып , денгенеге таратылады . Үйдегілер жиналған ақшаны олайда – бұлай да санайды , жаңылысып кем бола береді . Сонда жеңгем Айғанша шыдамсызданып , сіздер дұрыстап «санай» алмадыңдар , мен «санаймын» — деп қайнағасының есімін екі рет айтқан екен . Сонда жеңгем қайнағасына мына ақшаны санатуға мәжбүрлеген Шәкең – ғой деп , қайнағасынан кешірім сұраған екен . Қайран сол кездің ілтипатты келіндері – ай.
Махатжан ағаның төрден жаңылуы .
Іргелес көрші Махатжан аға , жеңгем Айғаншаны 8 – март күнімен құттықтауға келеді . Дастархан жайылып көңілді отырыс кезінде , Мәкең соңғы кезде қан қысымым көтеріліп , көзінің нашарлап жүргенін айтады және сөз арасында Шамау ағамның арқа тұсындағы қабырғада ілулі тұрған кілемге көзі түсіп , Шәке үйге келген қонақ қайда отыруы керек деп – тосын сұрақ қояды . Ағам қонақ төрде отыруы керек және арқа қабырғаларға кілем тұтылған әшекейлі болуы – керек дейді . Осы сщзді сезіп қалған ағам , Мәкеңе сыртқа шығып демалуға қолқалайды . Ағам жеңгеме арқа тұсындағы кілемді Мәкеңнің тұсына ауыстыруға тапсырма береді . Сырттан демалып келгеннен кейін тағыда төр жөнінде аңгіме болады . Сол кезден ағам Мәке біз қазақ қонақ сыйлап төрімізден орын берген халықпызғой , дұрыстап арқаңызға қарасаңыз – депті . Сонда Мәкең , Шамаужан кешір төрде отырғанымды байқамаппын , бұл қан қысымыммен көз ауруының пәлесі ғой – деп кешірім сұраған екен .
Дайындаған Санаев Қуандық
07.12.2017 жыл