Сабақ №17
Күні: 27.10.15
Сынып: 9 А
Тақырыбы: Шаруашылықтың құрамы мен құрылымы
Мақсаттары:
Білімділік. Шаруашылық ұғымына анықтама беру. Жоспарлы, нарықтық және аралас экономика ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру. Қазақстанның шаруашылығына – кәсіпорындары-салалары-салааралық кешендерді сипаттау. Экономиканың құрылымдық ерекшеліктерін анықтау. Қазақстанның әлемдік экономикадағы орнын анықтау.
Дамытушылық. Қазақстанның шаруашылығын карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: жаңа тақырып
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: Қазақстанның әкімшілік-саяси картасы, интерактвті тақта
Негізгі ұғымдар:нарықтық экономика, мемлекеттік сектор, кәсіпорындар, мекемелер, экономика салалары, салааралық өндірістік кешен, өндірістік сала, өндірістік емес сала, экстенсивті, инетнсивті,экономиканың тиімділігі, еңбек өнімділігі, өнімнің өзіндік құны
Номенклатура: Қазақстан, Петропавл, Павлодар, Семей, Риддер, Көкшету, Ақтөбе, Орал, Түркістан, Тараз, Қарағанды, Астана, Алматы, Атырау
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңде-рі |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
1.Ұйымдасты-ру кезеңі |
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру. |
Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. |
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. (10+1-2 мин) |
Үйге берілген кескін карталарын тексеру. |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді: 1. 2 |
3.Жаңа материалға көшу кезеңі
|
Кіріспенің жоспарын еске түсіру. Оның экономика саласына мән беру. І бөлімнің жоспарына шолу. ІІ бөлімнің жоспарымен таныстыру. Талдау. |
|
4. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі. |
Жаңа тақырыпты меңгеру барысында қарасытырылатын сұрақтар: 1.Жоспарлы экономикадан нарықтық экономиканың қандай айырмашылығы бар? Нарықтық экономиканың қандай кемшілігі бар. – 2.Қазіргі нарықтық экономикада қандай экономикалық салаларымыз мемлекеттің құзырында? – 3.Не себепті Қазақстан экономикасын аралас дейді? – 4.Экономиканың салалары дегеніміз не? Қазақстан шаруашылығы қандай еңбек салаларынан тұрады? — 5. «Салааралық өндірістік кешен» дегеніміздің мағынасын, мәнін түсіндір. «Салааралық кешендердің» қалыптасуы ненің әсерінен болған? – 6. Экономиканың даму барысында интенсивті даму мен экстенсивті дамудың негізгі айырмашылықтары? Осы даму жолдарының қайсысы қазіргі кезде тиімді?- 7. «Жалпы ішкі өнім», «экономиканың тиімділігі», «еңбек өнімі», «өнімнің өзіндік құны» деген терминдерге анықтама бер. — 8. Қазақстан – ірі жабдықтаушы, «Қазақстан – көлік дәлізі», халықаралық арена деген ұғымдарды түсіндіру, олардың мәні мен маңызын ашу
|
Оқушылардың жауабы: 1. Жоспарлы экономика мемлекеттік меншік пен басқарудың әміршілдік әдістеріне сүйенеді. Нарықтық экономика меншікке, таңдау еркіндігі мен бәсекеге негізделген.Оның кемшіліктері де бар –ол ырғақтылық, яғни өндірістің қарқындау және халықтың жұмыспен қамтамасыз етілу кезеңі өндірістің құлдырауы және жұмыссыздықпен алмасып келіп отырады.Одан басқа заңмен шектелмейтін нарық стихиясы адамдардың тұрмыс-жағдайы мен қоршаған ортаның сапасының нашарлануына әкелуі мүмкін. 2. Қазақстанда жеке меншік пен мемлекеттік кәсіпорындармен қатар, аралас шетелдік кәсіпорындар да қызмет етеді. 3. Дүние жүзінде көптеген елдер соның ішінде Қзақстан экономикасы аралас болып саналады.Мемлекеттік бәсекелесу еркіндігін қолдап, халыққа әлеуметтік жағынан қолдау көрсетеді, аумақтар мен жекелеген өндірістің даму бағдарламасын жасай алады. 4. Әрбір кәсіпорындар мен мекемелер өз қызметімен мемлекеттің түрлі қажеттіліктерін қамтамасыз етеді ,яғни ол экономиканың салалары деп аталады. Қазақстан шаруашылығы – бұл өте кең ұғым. Оны үш деңгейде қарастыруға болады. 1. кәсіпорындар мен мекемелер. 2. Экономиканың салалары 3.Өндірістік сала. 5. Шаруашылық салалары салааралық өндірістік кешендерді құрайды. Мұнай, мұнай өңдеу, көмір,газ өндіру салаларының арасында қалыптасқан.Сондықтан оны салааралық деп атайды. |
5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі |
48, 49, 50, 51-суреттерді және 7-8 кестелерді талдау. «Қазақстанның шаруашылық құрылымына» сызбанұсқа жасауға арналған тапсырманы орындау. |
|
6. Сабақты қорытындылау кезеңі |
1. Шаруашылық дегеніміз не? 2. Қазақстанның экономикасы қай экономика түріне жатады? 3. Қазақстанның шаруашылығының құрылымы? 4. Қазақстанның әлемдік экономикадағы орны қандай? |
|
7. Бағалау кезеңі |
Оқушылар сабақта белсенділік танытуына қанытуына қарай бағаланады. |
|
8. Үйге тапсырма беру |
88-беттегі 1-3 тапсырмалар. Тестерге жауап беру. |
|