Сабақтың тақырыбы Қалта туралы түсінік
Білімділік; Жапсырма қалта, бүрмелі қалтаның тігу технологиясын,тігіс түрлерін үйрету
Тәрбиелік; жапсырма қалтаның орындалуы арқылы оқушылардың шеберлігін шыңдау мақсатында тәрбиелеу.
Дамытушылық; оқушы бойында икемділік пен қос тігістерді орындау арқылы іскерлікті дамыту.
Пәнаралық байланыс: математика: тігіс адымы,бөліктерді қосуда жиектерін есептеп қалдыру мақсатында сызғыш пайдаланады.
Бейнелеу өнері ; қалта киім бөліктерін, эстетикалық талғамға сай түс таңдап,қиып қосып тігу.
Әдіс-тәсілдері; сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақтың көрнекілігі; Оқулық,мата,ине,жіп,оймақ,қайшы,сантиметрлік таспа,бұрыштық,тігін боры.
Сабақтың барысы;
-
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу
Қазір еңбек сабағы.
-
Үй тапсырмасын сұрау
Үйге қандай тапсырма берілді?
Жапсырма қалтаның үлгісін жасау.
Өткен сабақ бойынша қойылатын сұрақтар:
Алжапқыш туралы не білесің?
Алжапқышты қай кезде пайдаланамыз?
«Кім тапқыр?» ойыны жұмбақтар шешу.
-
Киімдегі қуыс,ұсақ түйекке ыдыс. (қалта)
-
Сырты тегіс,іші егіз. (тон)
-
Бір шұқыр,бір шұқырдан қырық шұқыр (оймақ)
-
Жіпсіз жүрмейді,жүрген жерін түйрейді. (ине)
Жаңа сабақ. Бүрмелі қалта.
Балалар бүгін біз «Бүрмелі қалтамен» танысамыз.
Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, бірге қайнасып келе жатқан бай қазына.
Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай қазақ қалтамен жүруді әдетке айналдырған.
Қалта киімнің құрамдас бөліктерінің бірі. Жапсырма қалта,жарма қалта,төс қалта, омырау қалта, ішкі қалта болып бірнеше түрлерге бөлінеді.
Қалтаға өзіндік матадан жасалған жиек шілтер,түрлі таспа баулар пайдаланылады.
Қалтаның енін әдеттегі жапсырма қалтаға қарағанда 10см артық етіп пішеміз. Жоғары шетін қалта түсінен басқа түсті жіппен жиектеп кестелейміз. Жиегі кестеленген кезде жоғарғы шетінен 3-5мм әдіп қолданамыз. Ені 6мм,ал ұзындығы қалтаның ұзындығынан 10см қысқасозылғыш таспа аламыз. Жоғарғы шетінен 3-4см төмен түсіріп сиясы тез кететін жұмсақтаңбалағыш қарандашпен қалтаға таңба саламыз.
Белгіленген сызық бойынша,қалтаға созылғыш таспа қойып тігеміз
Қалтаның төменгі шетіне әрқайсысы2-3см екі бүрме ашамыз. Тігіс әдебін әдептегі қалтадай етіп үтіктейміз.
Міне, біз бүгін бүрмелі қалтаны осылай тігеміз.
Оқулықпен жұмыс;оқушыларға бүрмелі қалтаны тігуді көрсетеміз.
Бүрмелі қалта жасау.
Венн диограммасы:
Нені білемін Нені білдім Нені білгім келеді?
______ Мата ______
Сабақты қорытындылау.
Сұрақ жауап
-
Бүрмелі қалтаның үлгісін қалай жасайды…?
-
Жапсырма қалтаның бүрмелі қалтадан айырмашылығы қандай?
-
Қалтаның жоғарғы жағының өлшемі қандай?
Оқушы жауабына қарай бағалау.
Үйге тапсырма бүрмелі қалта.
Қорытынды жасай отырып, жаңа педагогикалық технологияларды әр сабақта қолданудың тиімді жақтарын көрсетуге болады.
Оқушылардың тұлғасын дамыту;
Пәнге қызығушылығын арттыру;
Ауызша және жазбаша тілін дамыту;
Тез әрі тереңіне ойлау қабілетін дамыту;
Жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу;
Өз ойын ашық айта білу;
Деңгейі төмен оқушыларға өз білімін көрсетуге мүмкіндік беру