«___» ________20__ж. Бекітемін
________
Өндірістік оқытудың тақырыптық жоспары
Бөлімнің атауы : Жеке бөлшектер мен түйіндерді өңдеу.
Сабақтың тақырыбы: Сырт киімдегі қалталарды өңдеу.
Сабақтың түрі: Алғашқы ұсталықтың құрылымы. Жаңа білімнің хабарламасы, жаңа білімді бекіту, құрама сабақ.
Сабақтың жүргізу әдісі:Айта — түсіндіру; орындалу тәсілін көрсете түсіндіру
Сабақтың мақсаты: Сырт киімдегі жапсырма қалтаны өңдеудің технологиялық әдістерін үйрену.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері
Білімділік: Студенттердің сырт киімдегі жапсырма қалталардың технологиялық бірізділігін үзбей , алған білімдерін практика жүзінде көрсету.
Дамытушылық: Өз ойларын жүйелі жеткізуге, еңбектің әдіс-тәсілдеріне дағдыландыру, дамыту . Білімді дер кезінде меңгеруге ұмтылдыру.
Тәрбиелік: Студенттердің жұмыс уақытындағы эстетикалық талғамын, еңбекқорлығын, ұқыптылығын, нақтылығын тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: Сырт киімдегі жапсырма қалтаны өңдеу көрнекілік картасы.
Аспаптар мен жабдықтар: 1022 кл тігін машинасы, үтік, бор, жіп, ине, пульверизатор, үтік жастықшасы, колодкалар, қайшы.
Пәнаралық : Арнайы технология, жабдықтану
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: (2 мин).
-
Оқушыларды тексеру(кезекшінің баяндамасы);
-
Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру;
-
Шеберхананың даярлығын тексеру;
Сабақтың тақырыбы:
Бүгінгі сабақтың мақсаты: Қос әдіпті қақпақшалы жарма қалтаны өңдеп технологиялық әдістерін үйрену.
II. Сабаққа кірісуі: (12 мин).
Шебер: Жаңа тақырыпқа көшпес алдыңғы өткен сабақты қайталайық:
-
Қос әдіпті қақпақшалы жарма қалтаның бөлшектерін атаңдар.
-
Қос әдіпті қақпақшалы жарма қалтаны өңдеу бірізділігін атаңдар.
-
Қос әдіпті жарма қалта мен бір әдіпі қалтаның айырмашылығы
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру: (25 мин).
Шебер:
Шебердің еңбек тәсілдерін көрсету
-
Сырт киімдегі жапсырма қалталардың түрлерімен таныстыру.
-
Сырт киімдегі жапсырма қалтаның алдыңғы бойға қондыру тәсілдерімен таныстыру.
-
Сырт киімдегі жапсырма қалтаның өлшемдерімен таныстыру.
-
Сырт киімдегі жапсырма қалтаны астармен өңдеп көрсеті.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту (6 мин).
Шебер: Бүгінгі өткен сабақты бекітемін.
Сырт киімдегі жапсырма қалтаның қандай түрлерімен таныстындар?
Сырт киімдегі жапсырма қалтаның өлшемдері қандай?
V. Ағымдағы нұсқамалық: (3сағат 30 мин).
-
Жұмыстың уақытылы басталуын қадағалау;
-
Жұмыс уақытындағы оқушылардың қауіпсіздік ережесін сақталуын қадағалау;
-
Техникалық талапқа сай оқушылардың жұмыстарының дұрыстығын қадағалау;
-
Жеке жұмыстар жүргізу;
VI. Жаңа тақырыпты бекіту (10 мин).
Шебер: Сырт киімдегі жапсырма қалтаны өңдеу тәсілдері киын ба?
Сырт киімдегі жапсырма қалтаға неге астар тігеміз?
Қандай қиыншылықтар кездесті?
Оқушылар жауаптары.
-
Сабақтың қорытындысын жасау:
-
Жақсы жұмыстарды атап өту. Белсенді оқушыларды атап өту
-
Балаларға баға қою . Қателерін айқындау
-
Үй жұмысын беру
-
Кезекшілерді қою