Разработка «Обработка кармана в верхней одежде»

«___» ________20__ж. Бекітемін

________

Өндірістік оқытудың тақырыптық жоспары

Бөлімнің атауы : Жеке бөлшектер мен түйіндерді өңдеу.

Сабақтың тақырыбы: Сырт киімдегі қалталарды өңдеу.

Сабақтың түрі: Алғашқы ұсталықтың құрылымы. Жаңа білімнің хабарламасы, жаңа білімді бекіту, құрама сабақ.

Сабақтың жүргізу әдісі:Айта — түсіндіру; орындалу тәсілін көрсете түсіндіру

Сабақтың мақсаты: Сырт киімдегі жапсырма қалтаны өңдеудің технологиялық әдістерін үйрену.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері

Білімділік: Студенттердің сырт киімдегі жапсырма қалталардың технологиялық бірізділігін үзбей , алған білімдерін практика жүзінде көрсету.

Дамытушылық: Өз ойларын жүйелі жеткізуге, еңбектің әдіс-тәсілдеріне дағдыландыру, дамыту . Білімді дер кезінде меңгеруге ұмтылдыру.

Тәрбиелік: Студенттердің жұмыс уақытындағы эстетикалық талғамын, еңбекқорлығын, ұқыптылығын, нақтылығын тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: Сырт киімдегі жапсырма қалтаны өңдеу көрнекілік картасы.

Аспаптар мен жабдықтар: 1022 кл тігін машинасы, үтік, бор, жіп, ине, пульверизатор, үтік жастықшасы, колодкалар, қайшы.

Пәнаралық :  Арнайы технология, жабдықтану

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:  (2 мин).

  1. Оқушыларды тексеру(кезекшінің баяндамасы);

  2. Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру;

  3. Шеберхананың даярлығын тексеру;

Сабақтың тақырыбы:

Бүгінгі сабақтың мақсаты: Қос әдіпті қақпақшалы жарма қалтаны өңдеп технологиялық әдістерін үйрену.

II. Сабаққа кірісуі: (12 мин).

Шебер: Жаңа тақырыпқа көшпес алдыңғы өткен сабақты қайталайық:

  • Қос әдіпті қақпақшалы жарма қалтаның бөлшектерін атаңдар.

  • Қос әдіпті қақпақшалы жарма қалтаны өңдеу бірізділігін атаңдар.

  • Қос әдіпті жарма қалта мен бір әдіпі қалтаның айырмашылығы

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру: (25 мин).

Шебер:

Шебердің еңбек тәсілдерін көрсету

  • Сырт киімдегі жапсырма қалталардың түрлерімен таныстыру.

  • Сырт киімдегі жапсырма қалтаның алдыңғы бойға қондыру тәсілдерімен таныстыру.

  • Сырт киімдегі жапсырма қалтаның өлшемдерімен таныстыру.

  • Сырт киімдегі жапсырма қалтаны астармен өңдеп көрсеті.

IV.  Жаңа тақырыпты бекіту (6 мин).

Шебер: Бүгінгі өткен сабақты бекітемін.

Сырт киімдегі жапсырма қалтаның қандай түрлерімен таныстындар?

Сырт киімдегі жапсырма қалтаның өлшемдері қандай?

V. Ағымдағы нұсқамалық: (3сағат 30 мин).

  • Жұмыстың уақытылы басталуын қадағалау;

  • Жұмыс уақытындағы оқушылардың қауіпсіздік ережесін сақталуын қадағалау;

  • Техникалық талапқа сай оқушылардың жұмыстарының дұрыстығын қадағалау;

  • Жеке жұмыстар жүргізу;

VI.  Жаңа тақырыпты бекіту (10 мин).

Шебер: Сырт киімдегі жапсырма қалтаны өңдеу тәсілдері киын ба?

Сырт киімдегі жапсырма қалтаға неге астар тігеміз?

Қандай қиыншылықтар кездесті?

Оқушылар жауаптары.

  • Сабақтың қорытындысын жасау:

  • Жақсы жұмыстарды атап өту. Белсенді оқушыларды атап өту

  • Балаларға баға қою . Қателерін айқындау

  • Үй жұмысын беру

  • Кезекшілерді қою

Понравился материал? Поделиться с друзьями:
Просто учёба